RU | KZ | ENG

+7 (7172) 60 83 95 | info@apppk.kz

Әлеуметтік жобалар

Онкологиялық аурулары бар балалардың медициналық құжаттарын шет тілдеріне аудару бойынша «Үміт» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы

Жобаның өзектілігі: Қазақстанда онкологиялық аурумен ауыратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Оларды емдеумен елдің үздік дәрігерлері айналысады, сонымен қатар онкология бойынша емдеу және диагностикалық тексерулер толық тегін. Алайда, ата-аналар жиі өзінің баласын шетелге емделуге жіберу туралы шешім қабылдайды. Ал бұл балалардың шет елдегі мемлекеттердің медициналық мекемелерінде болуына және қажетті дәрілік заттарды сатып алу үшін ақы төлеуге ғана емес, сондай-ақ құжаттардың толық пакетін шет тіліне аударуға байланысты орасан зор қаржылық шығындарға әкеп соғады.

Жобаның мақсаты: қауымдастық мүшелері мен еріктілердің жазбаша аударма қызметтерін көрсетуі үшін платформа ретінде әрекет ету:

— олардың құзыреттері мен мүмкіндіктерінің аясында,

— өтеусіз негізде,

— «краудсорсинг» қағидаты бойынша

шет елге емделуге онкологиялық аурулармен ауыратын балаларын жіберетін отбасылар үшін.

Жобаның қатысушылары жазбаша және ауызша аудармашылар, аударма компаниялары, КААКҚ мүшелерінің қатарынан студенттер, оқытушылар және КААКҚ мүшелері болып табылмайтын еріктілер болып табылады.

Жобаның бенефициарлары: онкологиялық аурулармен ауыратын балалар және олардың отбасылары.

Осы жобаның аясында аударма бойынша көмек алу немесе оған аудармашы ретінде қалай қатысуға болатындығы туралы толық ақпаратты +77014877631 (Анна) телефоны арқылы алуға болады.