RU | KZ | ENG

+7 (7172) 501 930 | info@apppk.kz

Біздер кімбіз?

«Кәсіби аудармашылар мен аударма компанияларының қауымдастығы» ЗТжЖКБ 2018 жылғы 19 шілдеде Астана қаласы Әділет департаментінде тіркелген, ерікті негізде аударма компанияларын, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерін, штаттағы аудармашыларды, аудармашылар-фрилансерлерді және Қазақстан Республикасында аударма саласын дамытуға мүдделі барлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Миссиясы

  • Аударма қоғамдастығы үшін білім мен тәжірибе алмасу алаңы болу;
  • Қазақстан нарығында аударма қызметін жеткізушілердің мүдделерін қорғау;
  • Аударма саласы мамандарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар мен кәсіби стандарттарды әзірлеу (ауызша және жазбаша аудармашылар, алқалық аудармашылар, редакторлар, аудармашы-редакторлар, гид-аудармашылар, терминологтар, корректорлар және т. б.);
  • Кәсіби әдеп нормаларын жылжыту;
  • Аудармашы мамандығының маңыздылығы мен құндылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Стратегиялық
көзқарас

2020 жылға қарай КААКҚ өзін тәжірибелі аудармашыларды, ғылыми-зерттеу және академиялық орталықтарды біріктіретін Қазақстан Республикасындағы аударма саласындағы негізгі қоғамдық ұйым, сондай-ақ аударма қызметін стандарттаудың жетекші орталығы ретінде көреді.

Басты мақсаты

Келесі міндеттерді шешу арқылы аударма қызметтерінің өркениетті нарығын құру үшін берік негіз салу:

  1. аударма саласының мамандары үшін нормативтік-құқықтық базаны және кәсіби стандарттарды әзірлеу; 
  2. кәсіби-әдептілік кодексін әзірлеу және қалыпты емес бәсекелестікті, демпингті және аударма нарығындағы әдепсіз мінез-құлықты жою үшін аударма қызметін жеткізушілердің әдеп нормаларын жылжыту;
  3. өз мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау;
  4. аудармашы мамандығын қорғау мақсатында елде де, шетелде де басқа қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен институционалдық байланыстарды жолға қоюға ықпал ету;
  5. жазбаша және ауызша аудармашыларды, сондай-ақ оқыту іс-шараларын өткізу, конференциялар, семинарлар мен кездесулерді ұйымдастыру, жарияланымдарды шығару жолымен аударма саласының өзге де өкілдерін оқытуға, мамандандыруға және кәсіби дамытуға үлес қосу;
  6. өз өкілдерінің атынан кеңесші дауыс құқығымен саланың мәселелеріне байланысты конгресстерге, іс-шаралар мен кездесулерге қатысу;
  7. КААКҚ мүшелерімен кәсіби, білім беру және әлеуметтік қызмет мәселелері бойынша тұрақты коммуникация жасау.